“Джинсидің немесе шалбардың ұзындығын қысқартпасаң, тобықтан төмен түссе тозаққа кіресің” деген мағынада келетін хадисті қалай түсінуге болады?
Сахих Әл-Бухариде және басқа да хадис кітаптарында “Изардың (шалбар секілді киімдер) тобықтан төмен түскені тозақта” деп ескерткен пайғамбарымыздың сахих хадистері риуаят етілген. Осынау хадиске сүйенген кейбір мұсылмандар “шалбар балағының тобықтан асып тұруын” күнә санағандықтан, шалбарларының балағын қысқа етіп киіп жүр.
Пайғамбарымыздың кез келген хадисін оқығанда оның тікелей мағынасынан гөрі оның қандай мақсатпен айтылғанына көбірек көңіл аударуымыз қажет. Көбіне көп бір ғана хадис мағынасының мақсатын айқындау үшін пайғамбарымыздың сол мәселеге байланысты басқа да хадистерін зерделеп, зерттеуге тура келеді. (жалғасы)
Қайрат Жолдыбайұлы
ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі