Исламдағы шииттік бағыт

Исламдағы шииттік бағыт Мұхаммед пайғам¬бардың жалғыз мирасқоры, мұсылман уммасын басқаруға лайықты имам ретінде төртінші “тақуа халиф” Әли мен оның ұрпақтарын ғана мойын¬дайтын мұсылмандардың басын біріктіреді. “Шиа” араб тілінен аударғанда топ, партия, жақтаушылар, көмекшілер деген мағынаны білдіреді.  (жалғасы)

Сунниттік бағыт

Құран Кәрімді және Мұхаммед пайғамбардың сахих (дұрыс, ақиқат) хадистерін, сондай-ақ оның артынан ерген сахабаларының дін, сенім мәселесіндегі ұстанымдарын басшылыққа алатындар Сунниттер немесе “Әһли сунна вал жамаға (Сунна мен қауым бірлігінің адамдары)” деп аталады.Осыған байланысты сунна сөзі бүкіл мұсылман қауымын қамтитын өте ауқымды ұғым болып табылады. Бұл атаудың шығу тегіне байланысты ислами әдебиеттерде Мұхаммед пайғамбардың “Менің артымнан ерген үмметім жетпіс үш тармаққа бөлініп кетеді. Біреуінен басқасы тозаққа кіреді. Сол кезде қасында болған сахабалар тозақтан құтылатын қай топ деп сұрағанда Алланың елшісі “ол топ менің артымнан ерген және менің артымнан ергендердің соңынан жүргендер” деген хадисіне сілтеме береді. Осы құтылған топты немесе жамағатты “Әһли сунна вал жамаға” деп айтады. (жалғасы)